Accessibility links

Қытай ұйымдасқан қылмыспен күрес аясында 2000 кісіні тұтқындады


Қытай картасы.
Қытай картасы.
Қытай қауіпсіздік органдары елде ұйымдасқан қылмыспен күрес аясында 2200 адамды тұтқындағаны туралы хабарлаған.

Қытай құқық органдары жемқорлық, құмар ойындары бизнесі мен ұйымдасқан қылмыстың өзге де түрлеріне қарсы арнайы операциялар жүргізген деп жазады мемлекеттік "Чайна дейли" газеті.

Былтыр осындай операциялар барысында Қытайда бір жарым мыңнан аса қылмыстық ұйымдардың іс-әрекеттері әшкереленгені айтылады. Мәселен, Чунцин қаласында полиция басшысының парақорлық, зорлау және бопсалау қылмыстарына қатысы бары анықталып, өлім жазасына кесілген.
XS
SM
MD
LG