Accessibility links

Түркия президенті Германияда сапармен жүр


Түркия президенті Абдулла Гүл төрт күндік сапармен 2,5 миллион түріктің мекені болып отырған Германияға барды. Абдулла Гүлдің сапары түрік жұмысшыларының Германияға жаппай көшуіне жол ашқан келісімнің 50 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

Түрік президенті Абдулла Гүл Германия президенті Кристиан Вулффпен келіссөздер өткізіп, оның туған қаласына да бармақшы. Президент Гүл Германия канцлері Ангела Меркель және сыртқы істер министрі Гюдо Вестервеллемен де кездеседі.

Түрік президентінің сапары кезінде Анкараның Еуропа одағына қосылу ұсынысы мен оған Германияның қолдау көрсетпей келгені туралы да талқыланады.
XS
SM
MD
LG