Accessibility links

Журналист Павлюктің өліміне қатысты 3 адам сотталды


Қырғызстандық журналист Геннадий Павлюк

Қырғызстандық журналист Геннадий Павлюк

Бүгін Алматыдағы сот қырғыз журналисі Геннадий Павлюктің өліміне қатысты үкім шығарып, үш адамды түрме жазасына кесті.

Айыпталушылар - Қазақстан азаматтары Алмаз Игіліков пен Шалқар Оразалин 10-11 жылға, ал қырғыз азаматы Алдаяр Исманкулов 17 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Қазақстан полициясының мәліметінше, 2009 жылы 16 желтоқсанда Алматыға келген журналист Геннадий Павлюк аяғы мен қолы скотчпен жабыстырылып, қаладағы үйлердің бірінің алтыншы қабатынан тасталған.

Павлюктің туыстары мен жақтастары журналистің өлімін оның кәсіби әрекетімен байланыстырып отыр бірақ тергеушілер бұл қылмыстық істің "саяси астары" жоқ екенін айтады.
XS
SM
MD
LG