Accessibility links

Бейбітшілік корпусы Қазақстандағы қызметін тоқтатады


"Бейбітшілік корпусы" ұйымының белгісі.

"Бейбітшілік корпусы" ұйымының белгісі.

Бейбітшілік корпусы ұйымы Қазақстандағы қызметін тоқтатады деп хабарлады АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі Азаттық тілшісіне.

Елшілік өкілінің айтуынша, Бейбітшілік корпусы ұйымы бұл хабарды енді жариялайтынын айтты.

Ұйым өз еріктілерінің қауіпсіздігіне алаңдап отырғанын, соңғы айлардағы террорлық актілерден қауіптеніп, Қазақстан мектептерінде сабақ беретін ерікті мұғалімдерін кері қайтаратынын ақпарат агенттікттері бұған дейін жазған еді.

Бейбітшілік корпусы 1961 жылы құрылған АҚШ үкіметінің тәуелсіз федералдық ұйымы. Қазақстанда ұйымның 120-ға жуық еріктісі білім беру және қоғамдық қызмет көрсетеді.
XS
SM
MD
LG