Accessibility links

Қытайда екінші диссидент сотталды


Қытай "мемлекеттік құрылысты құлатпақ болғаны" үшін тағы бір диссидентті соттады.

Қытайдың адам құқықтарын қорғаушылар ұйымы (Chinese Human Rights
Defenders) Гуйчжоу провинциясындағы Гуйян қаласының соты белсенді диссидент Чэнь Сиді 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті деп хабарлады.

Сот Чэнь Сиді интернетте коммунистік режимді сынап жазған 36 мақаласы үшін айыпты деп тапқан.

Қытайда бұдан төрт күн бұрын тағы бір диссидент жазушы Чэнь Вэй 9 жылға сотталған болатын.
XS
SM
MD
LG