Accessibility links

Хосни Мүбәрәктің соты қайта жалғасты


Египеттің экс президенті Хосни Мүбәрак өзіне қарсы өтіп жатқан сотқа зембілмен жеткізілді.

Египеттің экс президенті Хосни Мүбәрак өзіне қарсы өтіп жатқан сотқа зембілмен жеткізілді.

Египеттің биліктен құлатылған бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәктің шерушілер өліміне қатысты соты қайта жалғасты.

83 жастағы Мүбәрәкке өткен жылдың ақпан айында өз режиміне наразы шерушілерге оқ атуға бұйрық берген деген айып тағылған болатын. Сот отырысына зембілмен жеткізіліп жүрген Мүбәрәк әскери госпитальде емделіп жатыр.

Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәктің тамыздың 3-інде басталған соты үш айлық үзілістен кейін қайта жалғасып отыр.

Мүбәрәкке сонымен қоса жемқорлық бабы бойынша да айыптар да тағылған. Оның екі ұлы мен бұрынғы ішкі істер министрі Хабиб әл-Адли де осыған ұқсас айыптар бойынша сотқа тартылған. Бірақ олардың бәрі өздеріне тағылған айыппен келіспейді.

Бүгінгі сот отырысы өтіп жатқан Каирдегі Полиция академиясы жанына жиналған ондаған адам Мүбәракке қарсы ұрандар айтып, ал полиция жағдайды бақылап тұрды.
XS
SM
MD
LG