Accessibility links

Сирия оппозициясы БҰҰ-ны көмекке шақырды


Сирияның Дараа провинциясында жүрген араб лигасы ұйымының бақылаушылары. 4 қаңтар 2012 жыл.
Сирияның Дараа провинциясында жүрген араб лигасы ұйымының бақылаушылары. 4 қаңтар 2012 жыл.
Сирия оппозициясы БҰҰ-ны елде зорлық-зомбылықтың тоқтауына күш салып жүрген араб лигасының бақылаушыларына көмек көрсетуді сұрады.

Көмекті оппозициялық Сирия ұлттық кеңесінің мүшелері Каирдегі араб лигасының басшысы Набиль әл-Арабиден сұраған. Араб лигасының Сириядағы өкілдігін басқаратын Катар премьер-министрі Хамад бен Жасем араб лигасы бақылаушыларының "бірқатар қателіктер жасағанын" айтты.

Дамаск бұған дейін соңғы шерулерде ұсталған 500 ден астам адамды босатқанын хабарлады. Оппозиция болса әлі 10 мыңнан астам адамның қамауда отырғанын айтады.

БҰҰ мен адам құқын қорғау ұйымдарының деректері бойынша, Сирияда президент Башар әл-Асад билігіне қарсы шерулер басталған тоғыз ай ішінде 5000 нан астам адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG