Accessibility links

Германия депутаты: Соколова жоғарғы сотқа шағымданады


Маңғыстау мен Жаңаөзенде ереуілдеген ұнайшылардың тәуелсіз кәсіподағының алты жылға сотталған заңгері Наталья Соколова таяу күндері жоғарғы сотқа шағымданады деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Бұл туралы Соколовамен кездескен Германия парламентінің оппозициялық солшылдар партиясынан сайланған депутаты, Еуропа Кеңесінің парламенттік ассамблеясының мүшесі Андрей Хунко Астанада өткізген баспасөз жиынында мәлімдеді.

Германия парламентінің депутаты Наталья Соколовамен 14 қаңтар күні жолығып, бір сағаттай әңгімелескенін, оның ісін Еуропа қауымдастығына жеткізетінін айтқан. Хункенің айтуынша, билік Соколованы "өзгелерге сабақ болу үшін соттағандай" әсер қалдырады.

Наталья Соколова 2011 жылдың тамыз айында "әлеуметтік алауыздық туғызды" деген айыппен алты жылға сотталған. Кейін сот үкіміне шағым берді, бірақ ол кері қайтарылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG