Accessibility links

Әскерден қашқан сарбаздар ұсталды


Бас әскери прокуратураның ғимараты. Алматы қаласы. 9 ақпан 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
Бас әскери прокуратураның ғимараты. Алматы қаласы. 9 ақпан 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
Ақтауда күзет бекетін тастап қашып кеткен екі сарбаз ұсталды деп хабарлады бас әскери прокуратураға сілтеген "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Әскери прокуратура таратқан хабарламада кеше Ақтау қаласында "ҚазМұнайГаз" компаниясына тиісті нысанды күзетіп тұрған жерінен қашып кеткен әскери қызметін өтеуші екі сарбаздың ұсталғаны айтылады. Олар өздеріне берілген қаруларын да ала кеткен.

Бұл оқиға бойынша тексеру жүргізіліп, қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатыр.
XS
SM
MD
LG