Accessibility links

Пан Ги Мун: Қырғызстандағы демократия - өзгелерге үлгі


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Қырғызстандағы саяси өтпелі кезеңге жоғары баға берді. Венада Қырғызстан сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевпен кездескен бас хатшы "Қырғызстандағы биліктің бейбіт түрде табысталуы елдегі демократияны нығайта түсті және ол аймақтағы өзге елдерге үлгі болады" деді.

2010 жылдың сәуірінде Қырғызстан бұрынғы президент Құрманбек Бәкиевті орнынан түсіріп, елде сол жылдың қазанында парламент сайлауы болған. 2011 жылдың қазанында президент сайлауы өтті.

Пан Ги Мун мен Руслан Қазақбаев Қырғызстандағы саяси жағдай, есірткі саудасына қарсы күрес және Ауғанстанда бейбітшілік орнату мәселелерін де талқылады.
XS
SM
MD
LG