Accessibility links

Жармахан Тұяқбайды митингтен бұрын ұстап әкетті


ЖСДП төрағасы Жармахан Тұяқбай ұсталып, үш жарым сағаттан кейін босатылды. Ол бүгін Алматыдағы "Қарсылық жиынына" қатыспақшы болатын.

Бұл турасында Азаттыққа ЖСДП өкілдері хабарлады. Тұяқбайды полиция үйінен келіп ұстап алып кеткен. Қазір ол Алматының Медеу аудандық ішкі істер бөлімінде отыр. Азаттық тілшісіне ол әзірге полиция тарапынан әрқандай бір құжаттардың толтырылып, талап қойылмағанын айтты.

"Общественная позиция" газетінің бас редакторының орынбасары Бақытгүл Мәкімбайды да полиция үйінен ұстап алып кеткен. Бұл турасында Бақытгүл Мәкімбай Азаттық тілшісіне өзінің Медеу аудандық ішкі істер бөлімінде отырғанын хабарлады. Ол өзінің не үшін ұсталғанын түсінбейтінін айтты.

ЖСДП төрағасы Жармахан Тұяқбай қаңтардың 28-інде Абай ескерткіші түбінде өткен жиынға қатысып, билікке қарсы талаптарын білдірген болатын. Соңынан ол әкімшілік жауапқа тартылған болатын.
XS
SM
MD
LG