Accessibility links

"Соколова арызданбайды" дейді күйеуі


Наталья Соколова, "Қаражанбасмұнай" компаниясының жұмысшылар кәсіподағының белсендісі, заңгер

Наталья Соколова, "Қаражанбасмұнай" компаниясының жұмысшылар кәсіподағының белсендісі, заңгер


Жазасы жеңілдетіліп, түрмеден босатылған маңғыстаулық мұнайшылардың заңгері Наталья Соколова жеке заңгерлік іспен шұғылданбақшы деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

"Заңгерлік іспен айналысуға тыйым салынбаған. Демек Наталья кәсібімен шұғылдана береді" деп хабарлаған оның күйеуі Василий Чепурной ҚазТАГ-қа жексенбі, 11 наурыз күні.

Чепурнойдың айтуынша, Наталья Соколованың әлдекімнің үстінен шағым түсіру туралы ойы жоқ. "Қазір қандай да бір талап арыз беру туралы ойлап отырған жоқпыз. Дәл Қазақстанда ондай әрекет жасамайтынымыз анық" деді заңгердің күйеуі Василий Чепурной.

10 наурыз күні мұнайшылар кәсіподағының жетекшісі Наталья Соколованың Атырау облысындағы колониядан босатылғаны белгілі болған еді. Оның жазасы 3 жыл шартты мерзімге ауыстырылып, заңгерге кәсіподақ қызметімен айналысуға тыйым салынған.

2011 жылы 8 тамызда "Қаражанбасмұнай" компаниясының жұмысшылар кәсіподағының белсендісі, заңгер Наталья Соколова "әлеуметтік араздық қоздырды" деген айып бойынша 6 жылға бас бостандығынан айрылған еді.
XS
SM
MD
LG