Accessibility links

Владимир Козловты қамау мерзімі 1 айға ұзарды


Тіркелмеген "Алға" партиясының қамаудағы жетекшісі Владимир Козлов.
Тіркелмеген "Алға" партиясының қамаудағы жетекшісі Владимир Козлов.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Алматы соты дүйсенбі, 19 наурызда тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловты тағы 1 айға қамау туралы санкция шығарған. Ол енді 23 сәуірге дейін тергелетін болды.

Владимир Козлов 23 қаңтарда Жаңаөзен оқиғасына байланысты "әлеуметтік араздықты қоздырды" деген айыппен екі айға қамалған болатын. Ал наурыздың басында Алматыда әскери ауруханада оның көк етіне операция жасалған.
XS
SM
MD
LG