Accessibility links

Сараевода Балқан соғысы құрбандарын еске алды


Сараевада 1992 жылы босния сербтері қалаға басып кіріп, құрсауға алғанда қаза тапқан 11541 адамды еске алған шара. Сараево, 6 сәуір 2012 жыл.

Сараевада 1992 жылы босния сербтері қалаға басып кіріп, құрсауға алғанда қаза тапқан 11541 адамды еске алған шара. Сараево, 6 сәуір 2012 жыл.

Босния және Герцеговинаның астанасы Сараевода жұма күні Балқан соғысы кезінде босния сербтері әскерінің қалаға басып кіргеніне 20 жыл толғанын еске алу рәсімі өтті.

Қаланы құрсаулау үш жыл сегіз айға созылып, одан Боснияда қақтығыстар басталды. Оның барысында 100 мыңнан астам адам қаза тауып, екі миллионнан астам адам босып кетті. Босния сербтері серб емес өзге ұлт өкілдерін қырып тастап, елдің 70 пайыз аумағын басып алуды көздеген еді.

Бүгін Сараевоның басты көшесіне қызыл түсті 11541 орындық қойылды. 11541 - қаланы құрсаулау кезінде қаза тапқандардың саны дейді шараны ұйымдастырушылар.

Босния қақтығысы 1995 жылы Дэйтон бейбіт келісімімен аяқталды. Қақтығыс аяқталғанымен, ел ұлттық белгі бойынша - мұсылмандар басым тұратын Хорват федерациясы және Сербия республикасы болып екіге бөлініп қалды.
XS
SM
MD
LG