Accessibility links

Оңтүстік Кореяда парламент сайлауы өтіп жатыр


Оңтүстік Корея президенті Ли Мен Бак.

Оңтүстік Корея президенті Ли Мен Бак.

Сайлауға билікте отырған консервативтік "Сэнури" ("Жаңа шеп") партиясы мен солшылдардың біріккен оппозициялық демократиялық партиясы түсіп жатыр. Елде 40 миллион адамның дауыс беру құқығы бар.

Бақылаушылар сайлауды желтоқсанда өтетін президент сайлауының алдындағы сынақ ретінде бағалап отыр.

"Сэнури" партиясы қазіргідей парламенттегі басым дауысқа ие болуға ұмтылмақ. Сайлау алдында өткізілген сауалнаманың нәтижесі бойынша, басқарушы және оппозициялық партияның жеңіске жету мүмкіндігі бірдей.

Оппозиция сайлау алдындағы науқанда желтоқсанда өтетін президент сайлауына қайта түсуге ниеті бар президент Ли Мен Бакты сынаған болатын. Бақылаушылар сайлауалды науқанда негізінен экономика мен әлеуметтік саясат басты тақырыпқа айналғанын айтады.
XS
SM
MD
LG