Accessibility links

Үндістан құрлықаралық зымыранды сынады


Үндістанның "Агни-2" баллистикалық зымыраны Делиде өткен парадта. Көрнекі сурет.
Үндістанның "Агни-2" баллистикалық зымыраны Делиде өткен парадта. Көрнекі сурет.
Үндістанның ақпарат құралдары Делидің алыс қашықтыққа ядролық қару алып ұша алатын және Қытайдың ірі қалаларын қирата алатын құрлықаралық баллистикалық зымыранды сынақтан өткізгенін хабарлады.

"Агни-5" деп аталатын зымыран бейсенбі таңертең Үндістанның шығыс жағалауындағы Уилер аралынан ұшырылған. Үкімет зымыранның сынақтан сәтті өткенін хабарлады.

Ресми Дели радиусы 5 мың шақырым қашықтыққа жететін "Агни-5" зымыранын Қытайдың аймақтық үстемдікке ие болуына және Азияда әскери қуаты жағынан алға шығуына қарсы тұрудағы басты жетістік деп бағалап отыр.

Сарапшылар алыс қашықтыққа ұшатын зымыран жасап, сынақтан өткізуге БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі - Қытай, Франция, Ресей, АҚШ және Ұлыбританияның ғана рұқсаты бар дейді.
XS
SM
MD
LG