Accessibility links

Талибан Обаманың сапарына қарсы екі жарылыс жасады


Барак Обама мен Хамид Карзайдың кездесуі. Ауғанстан, Кабул, 1 мамыр 2012 жыл.

Барак Обама мен Хамид Карзайдың кездесуі. Ауғанстан, Кабул, 1 мамыр 2012 жыл.

Кабулде сәрсенбіде АҚШ президентінің сапарынан соң іле-шала екі жарылыс болды.

Полицияның хабарлауынша, жарылыс қаладан шығысқа қарай АҚШ-тың әскери базалары мен қалашықтары орналасқан жаққа апаратын Жалалабад тас жолының бойында мина қойылған көлікте болған. Жарылыста алты адам қаза тапқан.

Жарылысты Талибан ұйымы өз мойнына алып, "Барак Обаманың сапарына қарсылық ретінде жасадық" деп мәлімдеді.

Ауғанстанға келген Барак Обама сейсенбіде Кабулға жақын Баграм әскери базасында АҚШ әскеріне арнап сөз сөйлеген болатын. Ол өз сөзінде "мұндағы соғыс көп ұзамай аяқталады" деген еді.

Обама Ауғанстанға сапарында президент Хамид Карзаймен 2014 жылы АҚШ әскері шығарылғаннан соң екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
XS
SM
MD
LG