Accessibility links

Қытайға барған АҚШ мемлекеттік хатшысы диссиденттер мәселесін айтпақ


Қытайдағы құқық қорғаушы Чэнь Гуанчен үкіметке қарсы жазған петициясын ұстап тұр. Қытай, Шаньдун провинциясы, 27 сәуір 2012 жыл.

Қытайдағы құқық қорғаушы Чэнь Гуанчен үкіметке қарсы жазған петициясын ұстап тұр. Қытай, Шаньдун провинциясы, 27 сәуір 2012 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Қытай билігімен келіссөз жүргізу үшін Пекинге барды. Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Клинтон бұл келіссөздерде Қытайдағы адам құқықтары мәселесі де назардан тыс қалмайтынын мәлімдеген.


Хиллари Клинтон бұл сапарында Қытай үкіметімен қаржылық мәселелерді талқыламақ. Келіссөздерде Солтүстік Корея мен Иран мәселесі, Сириядағы репрессиялар мен Қытайдың көршілес елдермен Оңтүстік қытай теңізіндегі территориялық даулары туралы да айтылмақ.

"САПАР ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МӘЛІМДЕМЕ"

Азаттық радиосының хабарлауынша, Клинтон бұл келіссөздерде Қытайдағы адам құқықтары мәселесін көтеретінін мәлімдеген.
Қытайдың сыртқы істер министрі Ян Цзечи (оң жақта) мен Қытай делегациясының өкілдерімен АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон (сол жақ шетте) кездесіп отыр. АҚШ, Нью-Йорк, 20 қыркүйек 2010 жыл.

Қытайдың сыртқы істер министрі Ян Цзечи (оң жақта) мен Қытай делегациясының өкілдерімен АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон (сол жақ шетте) кездесіп отыр. АҚШ, Нью-Йорк, 20 қыркүйек 2010 жыл.


Осыған орай, сарапшылар Клинтонның Қытай билігі өкілдерімен кездесуінде құқық қорғаушы Чэнь Гуанчен туралы айтатынын хабарлайды.

Сәуірдің 22-сі Чэнь Гуанчен үйқамақтан қашып кетіп, Бейжіңдегі АҚШ елшілігін барып паналаған. Ол өзін және отбасы мүшелерін ұрып-соққанын, үйқамаққа билікті сынағаны үшін отырғызылғанын мәлімдеген еді.

Диссидент Чэнь Гуанченнің АҚШ билігінің қорғауында екенін 2012 жылы сәуірдің 28-і күні АҚШ-та орналасқан ChineseAid құқық қорғау ұйымы да растап, қазір Гуанченнің мәселесіне қатысты екі ел билігінің арасында "жоғары деңгейдегі келіссөздер жүріп жатқанын" айтқан.

2 мамырда Қытай билігі АҚШ елшілігін паналаған диссидент Чэнь Гуанчэннің елшіліктен өз еркімен шыққанын хабарлады.

АҚШ өкілінің айтуынша, Чэнь Гуанчэн Бейжіңдегі ауруханалардың біріне барып жатқан, енді туыстарымен жолыға алады.

Диссиденттің жақтастары бұдан бұрын "Чэнь Гуанчэн өзі мен отбасының амандығына кепілдік берілсе, Қытайда қалатынын" айтқан болатын.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫСҚА ҚАУІПТІ ДИССИДЕНТТЕР

Соңғы бір жарым жылдан астам уақыттан бері үйқамақта отырып келген Чэнь Гуанчен қамақтан қашып шыққан бетте Қытай премьер-министрінің атына видео үндеу жолдаған.

Оның алдында ғана төрт жыл түрмеде отырып шыққан Чэнь Гуанчен бірнеше рет Қытайдың "бір отбасыға - бір бала" саясатының шеңберінде әйелдерге күштеп стерилизация, аборт жасалып, олардың құқықтарының бұзылып жатқанын айтқан.
Қытай құқық қорғаушысы Чэнь Гуаншэн төрт жыл үш айға бас бостандығынан айырылды.

Қытай құқық қорғаушысы Чэнь Гуаншэн төрт жыл үш айға бас бостандығынан айырылды.


АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон да осы сапарының алдында Қытай билігін Чэнь Гуанченді босатуға бірнеше рет шақырған еді.

Қытайда билікті сынаған адамдарды "мемлекеттік құрылысты құлатпақ болғаны" үшін соттау кейінгі жылдары жиілеп кеткен.

Мәселен, 2011 жылы желтоқсанда Қытайдың адам құқықтарын қорғаушылар ұйымы (Chinese Human Rights Defenders) Гуйчжоу провинциясындағы Гуйян қаласының соты белсенді диссидент Чэнь Сиді 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті деп хабарлады. Сот Чэнь Сиді интернетте коммунистік режимді сынап жазған 36 мақаласы үшін айыпты деп тапқан.

Қытайда 2011 жылы тағы бір диссидент жазушы Чэнь Вэй 9 жылға сотталған болатын. Чэнь Вэй интернетте бір партиялы Қытай билігінде реформалар жүргізіп, сөз бостандығын орнатуға шақырған мақалалар жазған. 9 жылға сотталған Чэнь Вэйге де "мемлекет билігін құлатуға әрекет етті" деген айып тағылған еді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG