Accessibility links

Грекияда Лондон олимпиадасының алауы тұтанды


Ұлыбритания боксшысы Александрос Лукас Афинада тұтанған Лондон олимпиадасының алауын ұстап тұр. Грекия, 10 мамыр 2012 жыл.

Ұлыбритания боксшысы Александрос Лукас Афинада тұтанған Лондон олимпиадасының алауын ұстап тұр. Грекия, 10 мамыр 2012 жыл.

Бейсенбіде Грекияның бұдан шамамен 2800 жыл бұрын ежелгі олимпиада ойындары болған Пелопоннес аралының Олимпиа аймағында 2012 жылғы Лондон олимпиадасының алауы ресми түрде тұтанды. Алауды тұтандыру салтанатына Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Жак Рогге мен Лондон олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің басшысы, жүгіруден олимпиада чемпионы Себастьян Коэ қатысты.

Алау Грекияда 2900 шақырым жерді шарлап, 17 мамырда Афинаның "Панатинаикос" стадионында Ұлыбританияға салтанатты түрде табыс етіледі. Бұдан ары алау Ұлыбританияның 1000-нан астам қала мен елді мекендерін шарлап, олимпиада ойындары ашылатын 27 шілдеде Лондонға жеткізіледі.

Қазіргі заманғы олимпиада ойындары алғаш рет осы 1896 жылы Афинаның "Панатинаикос" стадионында болған еді.
XS
SM
MD
LG