Accessibility links

Әзербайжан оппозиция белсендісін босатты


Абақтыда отырған тұтқын. Көрнекі сурет.
Абақтыда отырған тұтқын. Көрнекі сурет.
Әзербайжанның танымал оппозициялық белсендісі Элнур Меджидли түрмеден мерзімінен бұрын босап шықты.

Оппозициялық "Халық майданы" партиясының мүшесі Меджидлидің айтуынша, Баку соты оның өзін мерзімінен ерте босату туралы өтінішін қанағаттандырып, сейсенбіде босатқан.

Элнур Меджидли 2011 жылы 2 сәуірде Бакуде болған оппозицияның митингісіне қатысқаны үшін "қоғамдық тәртіпті бұзды" деп айыпталып, қазан айында екі жылға сотталған.

Лондонда орналасқан Amnesty International ("Амнести интернэйшнл") ұйымы оны саяси тұтқын деп таныды. Ұйымның дерегінше, Әзербайжанда әлі 12 саяси тұтқын түрмеде отыр.
XS
SM
MD
LG