Accessibility links

Хиллари Клинтон Грузияға барды


АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Армения президенті Серж Саркисянмен (сол жақта) кездесті. Ереван, 4 маусым 2012 жыл.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Армения президенті Серж Саркисянмен (сол жақта) кездесті. Ереван, 4 маусым 2012 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Оңтүстік Кавказ аймағындағы мемлекеттерге сапары аясында Грузияға барды.

Қара теңіз жағалауындағы Батуми курортына келген ол сейсенбіде осы ел президенті Михаил Саакашвилимен кездесіп, екі ел арасындағы қауіпсіздік саласындағы байланыстарды нығайту жайын талқылайды.

Хиллари Клинтон аймақ мемлекеттеріне алғашқы сапарын дүйсенбіде Армениядан бастаған. Армения астанасы Ереванда президент Серж Саркисянмен кездескен Клинтон Армения мен Әзербайжан арасындағы Таулы Қарабах аймағына қатысты даудың шиеленісіп кетуі мүмкін деген қауіп айтты.

Хиллари Клинтон 6 маусымда Әзербайжанға, 7 маусымда Түркияға бармақ.
XS
SM
MD
LG