Accessibility links

Сербияда Томислав Николичтің инаугурациясы болады


Сербия президенті Томислав Николич.
Сербия президенті Томислав Николич.
Сербияның астанасы Белградта дүйсенбіде елдің жаңа президенті Томислав Николичтің инаугурациясы болады.

Мамырда өткен сайлауда бұрынғы президент Борис Тадичтен басым түскен ұлтшыл саясаткер ресми түрде қызметіне 31 мамырда кіріскен. Бірақ инаугурациясы бүгін өтеді.

Хорватия, Босния және Словенияның президенттері Николичтің Балқан соғысы кезінде Вуковар мен Сребреница қалаларындағы жаппай қырғынға байланысты айтқан даулы пікірінен соң инаугурацияға шақыртуды қабылдамай тастады.

Инаугурацияға дейін Николич Еуропа Одағының (ЕО) жоғарғы комиссары Штефан Фюлемен кездесуі тиіс. Олар Сербияның ЕО құрамына кіруге өтініш беру мәселесін талқыламақ.
XS
SM
MD
LG