Accessibility links

Румынияның экс-премьері өзін-өзі өлтірмек болды


Румынияның бұрынғы премьер-министрі Адриян Настаси.

Румынияның бұрынғы премьер-министрі Адриян Настаси.

Румынияның бұрынғы премьер-министрі, 61 жастағы Адриян Настаси жоғарғы сот "пара берді" деп айыптап, екі жылға соттаған соң өзін-өзі өлтірмек болды.

Румыния ақпарат құралдарының хабарлауынша, Настаси полицияның көзінше өзін тапаншамен атып, тамағынан жараланған. Қазір ауруханада жатыр.

2000-2004 жылдары премьер болған солшыл Адриян Настаси - коммунистік жүйе күйрегелі елде сотталған ең жоғарғы лауазымды тұлға. Қаңтарда Настаси сайлау кампаниясы қорынан өзі бақылайтын компаниялардың есеп шотына 2 миллион АҚШ долларын аударды деп айыпталған еді.
XS
SM
MD
LG