Accessibility links

Айыптаушылар Брейвикті ақыл-есі ауысқан деп тануды сұрайды


Андерс Брейвик өзінің үстінен қозғалған сот процесінде. Осло, Норвегия, 21 маусым 2012 жыл.

Андерс Брейвик өзінің үстінен қозғалған сот процесінде. Осло, Норвегия, 21 маусым 2012 жыл.

Норвегияда 77 адамды атып өлтірген Андерс Брейвиктің сотында айыптаушы жақ соттан оны ақыл-есі ауысқан деп тануды және арнайы ауруханада емдеуді сұрады.

Өзін мұсылмандарға қарсы күресуші деп санайтын Брейвик Норвегияның жұмысшы партиясының жазғы лагерінде 77 адамды өлтіргенін мойындады. Бірақ Брейвикке соттың тапсырмасы бойынша жасалынған психиатрлық сараптама оның ақыл-есі сау деген қорытынды жасаған.

Бұл іс бойынша үкім 24 тамызда шығуы тиіс. Брейвик егер сот өзін ақыл-есі ауысқан деп таныса, апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді. Егер сот Брейвиктің ақыл-есі бірқалыпты деп тапса, онда ол ең ұзақ мерзім - 21 жыл түрмеге қамалуы мүмкін. Олай болмаған жағдайда, ол өмір бойына ауруханаға жатқызылуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG