Accessibility links

Башар Асад Түркия ұшағының "атып түсірілгеніне өкінді"


Түркияның Сириямен шекараға орнатқан зымыран кешені. 29 маусым 2012 жыл.
Түркияның Сириямен шекараға орнатқан зымыран кешені. 29 маусым 2012 жыл.
Сирия президенті Башар Асад өткен айда елдің әскери әуе күштерінің Түркияның жойғыш ұшағын атып түсіргеніне өкініш білдірді.

Түркияның ақпарат құралына сұхбат берген Асад көршілес екі ел арасындағы жаңа шиеленісті "ашық соғыс жағдайына" әкеп соқтырмайтынын айтқан.

Дамасктің ұйғаруынша, түрік ұшағы Сирияның әуе кеңістігін бұзған. Түркия ол оқиғадан соң Сириямен шекараға қосымша зениттік кешендер мен зымыран қондырғыларын орнатып, кез-келген басқыншылыққа тойтарыс беруге дайын екенін ескертті.
XS
SM
MD
LG