Accessibility links

Клинтон Египеттен соң Израильге барды


Хиллари Клинтон Египет президенті Мохаммед Мурсимен кездесіп отыр. Каир, 15 шілде 2012 жыл.

Хиллари Клинтон Египет президенті Мохаммед Мурсимен кездесіп отыр. Каир, 15 шілде 2012 жыл.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон бүгін таңертең жұмыс сапарымен Израильге барды. Ол Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен және елдің басқа да басшыларымен кездеседі. Кездесуде израиль-палестина бейбіт келіссөздерін жалғастыру және Иранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселелер талқыланбақ.

Клинтон Израильге сапарының алдында Египетте болды. Онда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы елдің жаңа президенті Мохаммед Мурсимен кездесіп, АҚШ-тың оған елде демократиялық өзгерістер жасауына қолдау көрсететінін айтты.

Хиллари Клинтон сапарының екінші күнінде Египеттің жоғарғы әскери кеңесінің басшысы Хусейн Тантауимен кездесті. Ол әскерилерді елдің жаңа зайырлы президентіне барынша мол өкілеттік беріп, кеңесті бірте-бірте негізінен ұлттық қауіпсіздік мәселесімен айналысуға шақырды.

Клинтон Александрия қаласында АҚШ консулдығын қайтадан ашты.

Клинтонның сапарына наразылық танытқан топ оның көлігін бастап келе жатқан мотоэскортқа қызанақ пен аяқ киім лақтырды.
XS
SM
MD
LG