Accessibility links

Қазақстандықтар Гонконгқа 14 күнге визасыз бара алады


Виктория гавані, Гонконг. Көрнекі сурет.
Виктория гавані, Гонконг. Көрнекі сурет.
26 шілдеден бастап Қазақстан азаматтары Гонконгқа 14 күнге шейін визасыз бару құқығына ие болды. Сол сияқты Гонконг тұрғындары да осындай мерзімге Қазақстанға визасыз келе алады.

Бұл туралы ақпаратты Азаттық радиосына Қазақстан сыртқы істер министрлігінің консулдық қызмет департаменті растады.

Қазақстан республикасы мен Гонконг арнайы әкімшілік ауданы арасында өзара 14 күнге мерзімге визасыз барып-қайту туралы екіжақты келісімге биыл мамыр айында қол қойылған.
XS
SM
MD
LG