Accessibility links

Лондонда бүгін қазақ балуаны екі рет жеңіске жетті


Дзюдо. Лондон, 30 шілде, 2012 ж. Көрнекі сурет.

Дзюдо. Лондон, 30 шілде, 2012 ж. Көрнекі сурет.

Лондон Олимпиасында дзюдо күресінен 81 келіге дейінгі салмақтағы ерлер арасындағы кезекті жекпе-жекте Теміртауда туып өскен 21 жастағы Ислам Бозбаев Тоголық 32 жастағы дзюдошы Сача Денаньоктен басым түсті.

Оның алдында алғашқы айналымда қазақ балуаны украин спортшысы Артем Василенконы "иппон", яғни таза жеңіспен ұтқан еді.

Ислам Бозбаев енді бүгін келесі айналымда 32 жастағы неміс дзюдошысы Оле Бишофпен белдеседі.
XS
SM
MD
LG