Accessibility links

Астанада дауылдан екі адам қаза болған


Астанада қалың нөсерден көшені су басып кетті. 31 шілде 2012 ж.
Астанада қалың нөсерден көшені су басып кетті. 31 шілде 2012 ж.
Астанада сейсенбі күнгі дауыл салдарынан жұмыс орнында екі адам қаза болған деп хабарлады бүгін қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өкілі Аягөз Фазылова Азаттық радиосына.

"Кеше болған қатты жел мен нөсер жауын кезінде үш төтенше оқиға тіркелді. Қатты желден биік мұнарасы бар құрылыс краны құлап, Абылай хан көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйлердің бірінің 5-ші қабатындағы пәтердің төбесін тесіп кірген. Пәтерде 2 және 10 жастағы екі бала мен күтуші әйел болған, бірақ олар зардап шекпеген", - деді Фазылова.

Оның айтуынша, Заречный кентінде құрылыс алаңына 54 метр биіктіктен кран құлап, кран жүргізетін 1977 жылы туған азамат сол жерде қаза болған. Сол сияқты, Астанадағы Пушкин көшесіндегі қоймада биіктігі 15 метр жүк көтергіш кран да құлаған. Бұл оқиғада кран жүргізуші 1958 туған азамат мерт болып, 1968, 1969 және 1970 жылы туған үш жұмысшы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Шілденің 31-і күні Астанада бұршақ аралас нөсер жауып, қатты соққан желден кейбір құрылыс нысандарына зақым келіп, техникаларды құлатқаны туралы бұған дейін ақпарат тараған еді.
XS
SM
MD
LG