Accessibility links

Ресей мен Индонезия спутниктері орбитаға шыға алмады


Байқоңыр айлағынан ұшырылуға дайындалып тұрған зымыран. Көрнекі сурет.

Байқоңыр айлағынан ұшырылуға дайындалып тұрған зымыран. Көрнекі сурет.

Байқоңыр ғарыш айлағынан сейсенбіге қараған түні ұшырылған Ресей мен Индонезияның екі спутнигі орбитаға шыға алмай қалды.

"Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, "Протон-М" зымыраны ғарышқа "Бриз-М" блогы арқылы ресейлік "Эксперсс-МД2" және индонезиялық "Telkom-3" ғарыш аппараттарын алып ұшқан.

Мамандардың пікірінше, спутниктердің орбитаға шыға алмауына "Бриз-М" блогының қозғалтқыш бөлігіндегі ақау себеп болған. Ресей ұшырған спутник соңғы рет 2011 жылы сәтсіздікке ұшыраған еді.

Ресей өткен жылы ғарышқа 35 аппарат ұшырса, оның бесеуі сәтсіздікке ұшырады.
XS
SM
MD
LG