Accessibility links

Ақсай шатқалынан табылған мәйіт саны 11-ге жетті


Алатау бөктеріндегі өрттің түтіні. Алматы, 13 тамыз 2012 жыл.
Алатау бөктеріндегі өрттің түтіні. Алматы, 13 тамыз 2012 жыл.
Алматы облысының Ақсай шатқалында тағы үш адамның мәйіті табылып, өлген адам саны 11-ге жетті деп хабарлады ішкі істер министрлігі бүгін өткізген брифингте қылмыстық полиция бастығының орынбасары Арман Оразалиев.

Бүгін ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов шатқалда сегіз адамның мәйіті табылғанын айтқан еді. Оған дейін, дүйсенбіде Ақсай шатқалында әуелі жеті адамның мәйіті табылған. Оның екеуі жергілікті қорықшының үйінен, тағы үш мәйіт үйге жақын маңнан, ал қалған екеуі басқа бір орманшының өртенген үйінің жанынан табылды.

Министрлік өкілі мәйіттің алтауының кімдікі екендігі анықталғанын да айтты. Оның бірі - Іле Алатауы мемлекеттік паркінің қорықшысы.

Қазір мәйіттер табылған жерді министрлік пен тиісті орындардың қызметкерлері тексеріп жатыр.
XS
SM
MD
LG