Accessibility links

Ауғанстанда жарылыстан 4 адам көз жұмды


Жарылыс болған жердің орны. Герат, Ауғанстан, 15 тамыз 2012 ж.

Жарылыс болған жердің орны. Герат, Ауғанстан, 15 тамыз 2012 ж.

Бүгін таңертең Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясында базарда болған жарылыстан төрт адам қаза тауып, он екі адам жараланған. Зардап шеккендердің арасында полицияның 3 қызметкері бар деп хабарлайды Ассошейтед пресс агенттігі.

Жергілікті билік орындарының айтуынша, жарылыс Шиндад ауданында болған. Жарылғыш зат базар аумағында орналасқан дүкен маңына қойылған.

БҰҰ-ның баяндамасында биылғы жылдың алғашқы жартысында Ауғанстанда 1145 бейбіт тұрғын мерт болып, 1954 адамның жараланғаны айтылған.
XS
SM
MD
LG