Accessibility links

"Ар-Намыс" фракциясы басқарушы коалициядан шығады


"Ар-намыс" партиясының жетекшісі, депутат Феликс Кулов парламент отырсында. Бішкек, 5 шілде 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
"Ар-намыс" партиясының жетекшісі, депутат Феликс Кулов парламент отырсында. Бішкек, 5 шілде 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Қырғызстан парламентіндегі "Ар-Намыс" партиясының депутаттық фракциясы басқарушы коалиция құрамынан шығатынын мәлімдеді.

Партия бұл шешімін премьер-министр Өмірбек Бабановтың коалициялық келісімді жиі бұза беретінімен байланыстырып отыр.

Коалиция құрамынан шығу ниеті барын "Ар-намыс" партиясының фракциясы да білдірді. Нақты шешімді фракция бүгін қабылдамақ. Егер коалиция құрамынан екі фракция шығып кетсе, коалиция ыдырап, премьер-министр отставкаға кетеді.

Өткен аптада "Ар-Намыс" пен Ата-Жұрт" фракциялары Өмірбек Бабанов үкіметіне сенімсіздік білдіруі мүмкін екенін хабарлаған.

Қырғызстанда басқарушы коалиция 2011 жылдың желтоқсанында құрылған. Оған Социал-демократиялық партия, Өмірбек Бабановтың "Республика" партиясы, "Ар-намыс" және "Ата-Жұрт" партиялары кірген. Коалиция парламенттегі 120 орынның 92-сіне ие.
XS
SM
MD
LG