Accessibility links

Ақтаудағы сот қайта жалғасты


Серік Сапарғали мен Владимир Козлов сотта отыр. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.

Серік Сапарғали мен Владимир Козлов сотта отыр. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.

Бүгін Ақтауда өтіп жатқан оппозиция белсенділерінің соты одан ары жалғасты деп хабарлайды тіркелмеген "Алға" партиясының өкілдері Twitter желісі арқылы.

Соттың бүгінгі отырысында "Алға" партиясының белсендісі Айжангүл Әмірова жауап беріп жатыр.

Сейсенбідегі сот отырысында Владимир Козловтың адвокаты Алексей Плугов соттан мұнайшылар белсендісі Наталья Әжіғалиеваға психикалық сараптама жасауды өтінді. Плугов оның сотта кей сөздерінен жаңалысып қалғанын алға тартып, «куәгердің мінез-құлқы қосымша сараптама жасауды талап етеді» деген.

Судья бүгін адвокаттың ол өтінішін қанағаттандырмауға шешім шығарды.

Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовтің соты 16 тамызда басталған.
XS
SM
MD
LG