Accessibility links

Тәжікстанда Таулы Бадахшанға әскер кіргізілді


Тәжікстан әскері. (Көрнекі сурет).

Тәжікстан әскері. (Көрнекі сурет).

Тәжікстандағы Таулы Бадахшан облысының орталығы Хорог қаласына 180 әскери қызметкер кіргізілді. "Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, әскер кіргізілуі бұл аймаққа 9 қыркүйекте ел президенті Эмомали Рахмонның келуімен байланысты. Президент сапарынан соң әскерлер қайтадан шығарылмақ.

Тамыздың соңынан бастап 24 шілдеде арнайы қызмет генералы Абдулло Назаровтың өліміне қатысты жүргізілген операция кезінде кіргізілген әскерлер біртіндеп шығарылып жатыр. Тәжік әскерлері мен қарулы топтар арасындағы қақтығыста сол кезде ресми дерек бойынша 12 сарбаз, бір бейбіт тұрғын және 30 бүлікші қаза тапқан.

Билік генералдың қазасына 1990 жылдары үкіметке қарсы азаматтық соғысына қатысқан оппозициялық командирлердің бірі - Имомназар Имомназаровтың қарулы тобының қатысы бар деп отыр.

Командирдің өзін 22 тамызда үйінде белгісіз адамдар өлтіріп кеткен.
XS
SM
MD
LG