Accessibility links

Хиллари Клинтон Сирия мәселесі мен адам құқығын Ресей есіне салды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы саммитінде.Ресей. Владивосток. 07 қыркүйек 2012 жыл

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы саммитінде.Ресей. Владивосток. 07 қыркүйек 2012 жыл

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон АҚШ пен Ресей арасында Сирия мәселесі бойынша да, адам құқығы жөнінде де келіспеушіліктер қалып отырғанын мәлімдеді.

Владивостокта өткен Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы саммитінің соңындағы сөзінде Клинтон Сирия президенті Башар Асадты орнынан түсіру үшін күресіп жатқан күштерге АҚШ-тың қолдау көрсетіп келе жатқанын, Асадтың кетуі Сирияны демократияландырудың басты шарты санайтындығын айтты. Сондай-ақ ол БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің резолюциясының жобасын әзірлеу жолында Мәскеумен келісе жұмыс істеуге дайын екендігін де білдірді.

Сонымен қатар Клинтон Ресейде «азаматтық қоғамның іс-қимылын шектеуі мүмкін жаңа заңдардың қабылданып жатқанына» және «келешек демократия туралы ашық айтқан адамдарға қарсы таяуда жасалған шараларға» алаңдаушылығын аңғартты. Бірақ ол өз сөзін нақтыламады.

Бұған дейін АҚШ билігі Ресейде кейінгі кездері қабылданған бірқатар заңдар үкіметтік емес ұйымдарға қарсы көзделгенін, сондай-ақ Pussy Riot тобының үш мүшесіне қатысты шығарылған үкімнің «саяси астары бар екенін» бірнеше рет мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG