Accessibility links

Швейцария Ислам Каримовке жақын 4 адамның есеп-шотын жапты


Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримова.

Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримова.

Швейцарияның бас прокуратурасы ұлты өзбек төрт адамның швейцариялық банктердегі есеп-шоттары жабылғанын растады. Radio Television Suisse ақпарат құралы ол адамдарды "Өзбекстан президенті Ислам Каримовке жақын азаматтар" деп хабарлайды.

Бас прокуратура шілдеде Женевада ұсталып, қазір қамауда отырған адамдардың екеуінің үстінен "қаржы жымқырды" деген күдікпен тергеу жүріп жатқанын айтады. Бірақ қамаудағылардың аты-жөндері жарияланбады.

Швейцарияның Blick басылымы қамаудағы екі азамат Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримованың иелігіндегі "Кока-кола Өзбекстан"компаниясында қызмет істегенін жазады. Тергеушілер бұдан өзге швед-финдік TeliaSonera телекоммуникация компаниясы Гүлнара Каримоваға Өзбекстан нарығына шығу үшін ірі көлемде пара берген деген деректерді айтып отыр.
XS
SM
MD
LG