Accessibility links

Алматыда диссиденттің отбасына "асарға" жиналды


Диссидент Арон Атабектің үйіне "асарға" келгендер шатырды жаңалап жатыр. Алматы, 29 қыркүйек 2012 ж.

Диссидент Арон Атабектің үйіне "асарға" келгендер шатырды жаңалап жатыр. Алматы, 29 қыркүйек 2012 ж.

Бүгін таңертең Алматыда бір топ қоғам белсендісі қазақ диссиденті, қазірде түрмеде отырған Арон Атабектің отбасына жәрдем көрсету үшін "асар" жасауға жиналды деп хабарлайды сол жерден Азаттық тілшісі.

Олар ескі үйдің шатырын жаңалады. Бұл жалғыз қабатты барак үйдегі төрт пәтердің бірінде қазір Арон Атабектің әйелі Жайнагүл, ұлы Асқар мен қызы Айдана тұрып жатыр.

Асарға келгендердің бірі саясаткер Серікжан Мәмбеталин бұл идеяға интернеттегі Facebook әлеуметтік желісінде бұдан айға жуық уақыт бұрын қоғам белсендісі Ермек Нарымбаевтың бастамасы түрткі болғанын айтады. Нарымбаевтың айтуынша, қоғам тарапынан ұсыныс қолдау тауып, жұрт қаржылай және өзгедей көмек көрсеткен.

Бүгінде жасы алпысқа тақаған Арон Атабек 2006 жылы Алматы қаласындағы Шаңырақ оқиғасына қатысты қылмыстық жауапқа тартылып, 2007 жылы күзде 18 жылға сотталған. Қазір ол Қарағанды облысындағы Қаражал түрмесінде жазасын өтеп жатыр.
XS
SM
MD
LG