Accessibility links

Қырғызстанда "Ата Жұрттың" жетекшілері қамалды


"Ата Жұрт" партиясының депутаты Камчыбек Ташиев.
"Ата Жұрт" партиясының депутаты Камчыбек Ташиев.
Қырғызстанда "Ата Жұрт" партиясының парламенттегі депутаты Камчыбек Ташиев пен Садыр Жапаров 48 сағатқа қамалды деп хабарлайды Азаттық радиосының Қырғыз қызметі.

Депутаттардың адвокаты Икрамидин Айтқұловтың сөзінше, оларды билікті күшпен басып алмақ болды деген күдікпен тұтқындаған. Бірақ депутаттарға әзірше айып тағылған жоқ. Айтқұлов өзінің "Ата Жұрт" партиясы жетекшілерін алдын-ала тергеу процесіне қатысқанын айтады.

Сәрсенбіде "Құмтөр" алтын кенішін мемлекет меншігіне қайтаруды талап еткен митингтің соңы тәртіпсіздіктерге ұласқан. Камчыбек Ташиев пен оның жүздеген жақтасы парламент үйіне басып кірмек болғанмен, қауіпсіздік қызметкерлері олардың алдын бөгеген. Бұдан соң екі жақ арасында болған қақтығыста он шақты адам жараланған.

Құқық қорғау органдары билікті күшпен басып алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
XS
SM
MD
LG