Accessibility links

Әлемдегі ең кәрі әйел қайтыс болды


Антиса Хвичаваның "129 жасқа келдім" деген кезіндегі суреті. "Чача" сусынын ұстап жатыр. Грузия, Сачино ауылы, 11 наурыз 2010 жыл.

Антиса Хвичаваның "129 жасқа келдім" деген кезіндегі суреті. "Чача" сусынын ұстап жатыр. Грузия, Сачино ауылы, 11 наурыз 2010 жыл.

Әлемдегі ең кәрі әйел Грузияның батысындағы Сачино ауылында қайтыс болды. Ол 2012 жылы "132 жасқа келдім" деп мәлімдеген еді.

Антиса Хвичаваның төлқұжатында оның 1880 жылы маусымның 8-і күні туғаны жазылған.

Азаттық радиосының Ағылшын қызметінің жазуынша, оның осынша ұзақ жасауы грузиннің қолдан жасалатын "чача" алкогольді сусынын күнделікті ішіп отырғанына байланысты.

Алайда көптеген сарапшылар оның туған жылы төлқұжатында дұрыс жазылмаған деген пікір айтады.

Ал Грузияның жергілікті баспасөзі оның екі бірдей дүниежүзілік соғысты көргенін, СССР-дің құрылуы мен құлауына куә болғанын жазып жатыр.

Антиса Хвичава 12 немере, 18 шөбере, төрт шөпшек сүйген.

Ақпараттарда марқұмның қай күні қайтыс болғаны айтылмаған.
XS
SM
MD
LG