Accessibility links

Нобель жеңімпаздары атала бастады


Бағаналы жасушалардың монитордағы көрінісі. АҚШ, Коннектикут университеті, 27 тамыз 2010 жыл.
Бағаналы жасушалардың монитордағы көрінісі. АҚШ, Коннектикут университеті, 27 тамыз 2010 жыл.
Қазанның 8-і күні 2012 жылғы Нобель сыйлығының алғашқы жеңімпаздарының аты-жөні аталды.

Олар - физиология және медицина саласының ғалымдары, жапондық Синъя Яманака мен британдық Джон Гердон. Ғалымдар Нобель сыйлығын бағаналы жасушалар туралы зерттеулері үшін алды. Олар бұл жасушалардың әрекетін плюрипотентті түрде өзгертуге болатынын дәлелдеген.

Нобель комитеті бұл жаңалықтың "ғылымда төңкеріс жасағанын" атап өткен.

Қос ғалымға сыйлық 15 қазан күні тапсырылады. 2012 жылғы Нобель сыйлықтары 10 желтоқсанға дейін тапсырылып болады.

Швед кәсіпкері Альфред Нобельдің сыйлығы алғаш рет 1901 жылы берілді.
XS
SM
MD
LG