Accessibility links

Жаңаөзен ісі бойынша сотталғандарды босатуға шақырды


Жаңаөзен оқиғасындағы тәртіпсіздіктер үшін айыпталғандардың соты. 27 наурыз 2012 ж.

Жаңаөзен оқиғасындағы тәртіпсіздіктер үшін айыпталғандардың соты. 27 наурыз 2012 ж.

Жаңаөзен оқиғасы бойынша құрылған қоғамдық комиссия билікті 2011 жылы 16-17 желтоқсанда Жаңаөзен қаласы мен Шетпе станциясында болған оқиғаларға байланысты сотталғандардың барлығын ақтауға шақырып мәлімдеме таратты.

«Жаңаөзен мен Шетпедегі қайғылы оқиғаларға «қатысқандар» және «ұйымдастырғандардың» ісі бойынша сотталғандардың барлығын кінәсіз деп санаймыз және оларды ақтауды талап етеміз. Жаңаөзен мен Шетпедегі тәртіпсіздіктерге қатысқан деген айып тағылғандардың сот процестері әділет талаптарына өрескел қайшы болды» делінген мәлімдемеде.

Сонымен бірге оппозициялық «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козлов, оппозициялық саясаткер Серік Сапарғали және қоғам белсендісі Ақжанат Әминовтің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша өткен сот процесінің де заң талаптарына сай болмағаны айтылған.

«Билік алғаш рет ашық саяси себеппен оппозициялық партияның жетекшісін ұзақ жылға түрмеге кесті» делінген мәлімдемеде.

8 қазан күні Ақтаудағы Маңғыстау облыстық ауданаралық қылмыстық соты тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козловтың мүлкін тәркілеп, өзін 7 жыл 6 ай жазаға кесу туралы үкім шығарды. Осы іс бойынша сотқа тартылған Серік Сапарғали шартты түрде 4 жылға, Ақжанат Әминов шартты түрде 5 жылға сотталды.

Халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар, Еуропа одағы және АҚШ Ақтаудағы соттың үкіміне байланысты алаңдаушылық білдірді.
XS
SM
MD
LG