Accessibility links

11 қыркүйектегі теракт бойынша сот тыңдауы басталды


Терактіден бүлініп, өртеніп жатқан дүниежүзілік сауда орталығының қос ғимараты. Нью-Йорк, 11 қыркүйек 2001 жыл. (Көрнекі сурет).

Терактіден бүлініп, өртеніп жатқан дүниежүзілік сауда орталығының қос ғимараты. Нью-Йорк, 11 қыркүйек 2001 жыл. (Көрнекі сурет).

АҚШ-тың Кубадағы әскери теңіз базасында дүйсенбіде 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі теракт бойынша сотта алдын ала тыңдау басталды.

Сотқа терактіні жоспарлаған деген айыппен Халид Шейх Мохаммед пен тағы төрт күдікті тартылған. Алдын ала тыңдаулар 19 қазанға дейін созылмақ.

Ал істі әскери трибунал келесі жылы қарайды деп жоспарланып отыр. АҚШ-тың Азаматтық еркіндік одағы бұл сот процесін әділетсіз деп мәлімдеді. Ұйымның ұйғарымынша, іс АҚШ-тың федералдық сотында қаралуы тиіс. Әскери прокуратура сотта кінәлі деп танылғандарды өлім жазасына кесуді талап ететінін білдірді.

2001 жылғы 11 қыркүйектегі терактіден 3 мыңға тарта адам қаза болған.
XS
SM
MD
LG