Accessibility links

Мәскеуде митингке жүздеген адам келді


Ресейлік "Солшыл майданның" үйлестірушісі Сергей Удальцов.
Ресейлік "Солшыл майданның" үйлестірушісі Сергей Удальцов.
Бүгін Мәскеу қаласындағы Трубная алаңында жергілікті билік рұқсат берген митинг өтеді. Ресей оппозициясының үйлестіру кеңесіне сайлауға қолдау таныту үшін жүздеген адам Цветной бульварға жиналғаны туралы "Солшыл майданның" үйлестірушісі Сергей Удальцов хабарлады.

Оның айтуынша, жиналғандардың қолында оппозициялық кеңес сайлауына қолдау білдірген жазулар бар, сонымен бірге жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырмақ болған деген айып тағылып тұтқындалған белсенділерге бостандық беру туралы талапқа қол жинау шарасы өтіп жатыр.

Мәскеудегі Трубная алаңында тігілген төрт шатырда бүгін үйлестіру кеңесіне мүшелікке ұсынылған кандидаттарға дауыс берудің алғашқы күні. Мұндай дауыс беретін орындар Ресейдің 30-дан астам аймағында құрылған. Үйлестіру кеңесіндегі 45 орынға 209 кандидат түсіп отыр. Олардың арасында оппозициялық саясаткерлер, қоғамдық белсенділер, журналистер мен мәдениет қайраткерлері бар.

Бұл кеңес Ресейдегі наразылық іс-шаралардың жалпы үйлестіруін жүзеге асырып, бағдарламалық құжаттарды әзірлеп, қажет болған кезде билікпен келіссөздер жүргізетін болады.

Сонымен бірге дауыс беру интернет арқылы да жүргізіліп жатыр. Орталық сайлау комитеті 165 мыңнан астам сайлаушы тіркелген сайтқа бүгін таңертең DDoS-шабуыл жасалғанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG