Accessibility links

Украина Жоғарғы Рада депутаттарын сайлап жатыр


Бүгін Украина Жоғарғы Радасына сайлау жүріп жатыр. ИТАР-ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауына қарағанда, кейбір сайлау округтерінде бір орынға 40-қа жуық үміткер бәсекеге түседі. Жалпы, 450 депутаттық орынның тең жартысы партиялық тізім бойынша сайланады.

Сайлауға президент Виктор Януковичтің Аймақтар партиясы мен танымал боксшы Виталий Кличко жетекшілік ететін Украина демократиялық «УДАР» партиясы, оппозициялық «Батькивщина» және Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович басқаратын «Біздің Украина» сияқты партиялары бар, барлығы 22 партия қатысады.

«Біздің Украина» Жоғарғы Радаға өтуге мүмкіндік беретін 5 пайыздық кедергіден өте алмауы да мүмкін деп топшылайды украиналық сарапшылар.

Біріккен оппозиция жетекшісі Юлия Тимошенко қамауда отыруына байланысты сайлау кампаниясы басталысымен-ақ тізімнен шығарылған.

Билік партиясы болып саналатын Аймақтар партиясы халықаралық стандарттарға сай келетін сайлау өтуіне мүдделі екенін мәлімдеді. Алайда оппозиция билік керісінше әрекет жасап жатқанын айтып отыр.

Украина сайлау комиссиясының мәліметіне қарағанда бұл жолғы сайлауға 3797 халықаралық бақылаушы келген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG