Accessibility links

Сирия оппозициялық күштері жаңа коалиция құрды


Сирия оппозициясы Катарда өткен жиында президент Баша Асад режиміне қарсы коалиция жасақтады. Коалияцияны Дамаскідегі Омеядтар мешітінің бұрынғы имамы, 52 жастағы Муаз әл-Хатиб басқаратын болды. Муаз әл-Хатиб біраз уақыт үкімет күштерінің қолында қамауда отырып, босаған соң жазда Египетке кетіп қалған.

Оппозицияның бірігуі туралы ұсыныс жасаған Рияд Сеиф әл-Хатибтің орынбасары болып сайланды. Белсенді әйел Сухаир әл-Атасси де орынбасарлыққа сайланды. Жаңа коалиция Сирия оппозициялық және революциялық күштерінің ұлттық коалициясы деп аталды.

Коалиция халықаралық қауымдастықтың ықпалымен құрылды. Коалицияға ұзақ ойланып барып қосылған Сирия ұлттық кеңесін Батыс елдері "Сирия оппозициясын біріктіре алмады және ел аумағында тиісті жұмыс істей алмады" деп сынаған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG