Accessibility links

Суға кеткен екі балықшының сүйегі табылды


Каспий теңізі жағасында балық аулап отырған адамдар. (Көрнекі сурет).
Каспий теңізі жағасында балық аулап отырған адамдар. (Көрнекі сурет).
Маңғыстау облысында Каспий теңізінде балық аулау кезінде суға батып кеткен үш адамның екеуінің денесі шығарылды деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрліктің ақпараты бойынша, оқиға 9 қараша күні Түпқараған ауданында болған. Екі балықшының денесін 13 қараша күні кешкісін құтқарушылар судан шығарып алған. Үшінші балықшының денесі іздестіріліп жатыр.
XS
SM
MD
LG