Accessibility links

Израиль Газа секторына соққыны үдетті


Газа секторымен шекарада тұрған Израиль танкілері, 16 қараша 2012 жыл
Газа секторымен шекарада тұрған Израиль танкілері, 16 қараша 2012 жыл

Палестинаның «Әл-Ақса» радиостансасы төрт сағат тыныштықтан кейін Израиль әуе күштері Газа қаласындағы полицияның бас штабының ғимаратына кем дегенде алты, ал «контрабандалық заттар тасылады» деп саналатын жүздеген жер асты туннельдері бар Палестина-Египет шекарасын оннан астам зымыранмен атқылады" деп хабарлады.

Бұл жөнінде ақпарат таратқан «РИА Новостидің» жазуына қарағанда бүгін таңертең басталған бұл шабуыл Израиль әскерінің Газаға басып кірер алдындағы әзірлігі болуы мүмкін.

Жұма күні Израиль арнайы операция барысында Газа секторына 200-ден астам соққы берген. Соның салдарына арасында бейбіт адамдармен қоса 11 палестиналық өлген. Үш күн ішінде осындай шабуылдан барлығы 29 адам қаза тапқан.

Сондай-ақ кей ақпараттар Палестинаның Рафах, Хан-Юнис, Дир ә-Балах қалалары мен әл-Бурейж босқындар қосыны да атқыланып жатқанын айтады.

Израиль үкіметі кеше қосымша 75 мың адамды әскерге шақыруға рұқсат берген еді. Израиль басшылығының мәлімдеуінше екі әскери құрама қазірдің өзінде Газаға басып кіруге дайын тұр.
XS
SM
MD
LG