Accessibility links

НАТО Түркияның зымыраннан қорғану ұсынысын талқылайды


"Патриот" зымыраннан қорғану жүйесі. (Көрнекі сурет).

"Патриот" зымыраннан қорғану жүйесі. (Көрнекі сурет).

Түркия "Сирия аумағынан жасалатын шабуылдан қорғану үшін" НАТО-дан өз территориясына зымыраннан қорғану жүйесін орнатуды сұрады.

НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен "ұйым бұл мәселені уақыт оздырмай бірден қарастыратынын" мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл жүйесі Түркияның халқы мен территориясын қорғау қабілетін жақсартып, НАТО-ның оңтүстік-батыс шекарасындағы қақтығыстар аумағының ұлғаюына жол бермейді.

НАТО-ға мүше елдер арасында "Патриот" қорғаныс жүйесі тек АҚШ, Германия және Голландияда ғана бар. Келесі аптада ұйымның әскери сарапшылар тобы "Патриот" орнатылуы мүмкін деген аймақтарды тексеріп қайтады.

Түркия мен Сирияның ортақ шекарасы - 900 шақырым.
XS
SM
MD
LG