Accessibility links

Прокуратура: Салафилер қылмыскерлермен біріккен


Чехиядағы босқын салафи әйелдер. Вышни Лхоты. 1 ақпан 2009 жыл. (Көрнекі сурет).
Чехиядағы босқын салафи әйелдер. Вышни Лхоты. 1 ақпан 2009 жыл. (Көрнекі сурет).
"Қазақстандағы дәстүрлі емес дін өкілдерінің көбінің қылмыстық топтармен байланысы бар" деп мәлімдеді Қазақстан бас прокурорының орынбасары Иоган Меркель.

Бейсенбіде Астанада өткен "Қазіргі заманғы терроризмге қарсы тұру" атты конференцияда Меркель "Дәстүрлі емес діни топтардың, оның ішінде салафилердің қылмыстық топтармен араласып кеткені аңғарылады" деді. Оның айтуынша, "қылмыстық топ өкілдері діннен өз қылмыстарын ақтайтын идеология таба алады".

"Кейбір аймақтарда радикалдардың қылмысты бизнес түрлерін бақылауға алып, қаржы табу үшін мемлекеттік сатып алу тапсырыстарына да қатысуға тырысып жүргені де байқалады" деді Иоган Меркель.
XS
SM
MD
LG